[club111441355|🍴 ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ МАЙОНЕЗБЕН АРАЛАСҚАН САЛАТТАРДЫҢ 10 ТҮРІН ҰСЫНАМЫЗ.
☝🏻 Сақтап қоямыз, керек болады!!!]
1. САЛАТ БАҚЫТ ҰШҚЫНЫ
Қажетті заттар:
- 400 гр піскен тауық еті
- 200 гр шампиньоны
- 1 шт пияз
- 100 гр ірімшік
- 3 шт қызанақ
- петрушка, кинза
- майонез
- тұз
1. Саңырауқұлақ пен пиязды турап, майға қуырып, суытамыз.
2. Ірімшікті тёркадан өткіземіз. Қызанақ пен тауық етің тураймыз. Петрушка мен кинзаны майдалаймыз.
3. Барлығын қосып, тұздап, майонезбен араластырамыз. Салат Дайын.
2. КУПЕЧЕСКИЙ САЛАТ
Қажетті заттар:
- 200 гр піскен ет
- 2 шт ірі сәбіз
- 1 шт пияз
- 2 ас қасық қант
- 2 ас қасық уксус
- 0,5 стакан қайнаған су
- 0,5 банка жасыл бұршақ
- майонез
- бұрыш
- тұз
- сұйық май қуырғанға
1. Сәбізді майда тёркадан өткіземіз. жұмсарғанға дейін қуырып аламыз.
2. Пиязды майдалап кубиктап тураймыз. (Уксус, қант үстіне қайнап тұрған суды құйып араластырып, пиязға құйып, 15 минутқа маринадтап қойып қоямыз. Одан соң маринадты төгіп тастаймыз. )
3. Етті кубиктап тураймыз.
4. Барлығын біріктіріп, тұз бен бұрышты қосып, майонезбен араластырамыз. Салат дайын.
3. ДӘМДІ САЛАТ
- 1 пачка краб таяқшалары
- 200 гр корей сәбіз салаты
- 100 гр ірімшік
- 4 піскен жұмыртқа
- 2 тіс сарымсақ
- 20 гр аскөк
- 20 көк пияз
- тұз, қара бұрыш, майонез
Ірімшікті ірі тёркадан өткіземіз. Сарымсақ, пияз, аскөк майдалап тураймыз. Краб таяқшасын майда кубиктап тураймыз. Осыларға сәбіз салатын қосып, тұздап, бұрыштап, майонезбен араластырамыз. Салат дайын.
4. САЛАТ БЕРЛИНСКИЙ (өте дәмді)
Қажетті заттар:
- 2 жұмыртқа
- 1 қызыл тәтті бұрыш
- 200 гр ветчина
- 100 гр сыр
- 5 шт свежи қияр
- майонез
- укроп, петрушка
Дайындалуы:
1. Жұмыртқа, тәтті бұрыш, ветчина, қиярды орташа етіп төртбұрыштап тураймыз.
2. Сырды теркадан өткіземіз.
3. Укроп пен петрушканы майдалап тураймыз
4. Барлығын қосып, майонезбен араластырамыз.
Салат дайын.
5. КРАБ ТАЯҚШАЛАРЫНАН САЛАТ
- 400 гр краб таяқшасы
- 1 банка жүгері
- 5 қайнаған жұмыртқа
- 150 гр қатты ірімшік (сыр)
- 1 тіс сарымсақ
- майонез
- аскөк
Краб таяқшаларын, аскөкті, жұмыртқаны майдалап тураймыз. Ірімшікті, сарымсақты тёркадан өткіземіз. Жүгеріні қосып, майонезбен араластырамыз.
Салат дайын.
6. НЕЖЕНКА САЛАТЫ
- 400 гр ветчина немесе колбаса
- 4 шт свежи қияр
- 180 гр ірімшік
- 3 піскен жұмыртқа
- 1 үлкен тіс сарымсақ
- майонез
- тұз
Ветчина мен қиярды соломка қылып тураймыз.
Жұмыртқа мен ірімшікті тёркадан өткіземіз.
Бәрін қосып, тұздап, майонезбен араластырамыз. Салат дайын.
7. ЕКАТЕРИНА САЛАТЫ
Қажетті заттар:
- 1 банка жүгері
- 1 банка консерв. шампиньоны
- 1-2 қызыл болгар бұрышы
- 1-2 тұздалған қияр
- 1 орташа пияз
- майонез
1.Пиязды майдалап турап, Сары майға қуырамыз, саңырауқұлақтарды турап, оны да, пиязбен бірге 5 минуттай қуырып аламыз. Суытамыз.
2. Қияр мен бұрышты кубиктап тураймыз.
3. Барлығын араластырамыз. Дастарқанға ұсынар алдында майонез қосамыз. Салат дайын.
8. ТАУЫҚ ЕТІ ҚОСЫЛҒАН САЛАТ
- 300 гр піскен тауық еті
- 200 гр консерв. үрмебұршақ
- 150 гр ірімшік
- 400 гр консерв. жүгері
- 3-4 тұзды қияр
- 1 бас сарымсақ
- 3 тілім қара нан
- тұз, бұрыш, петрушка
- майонез
1. Сарымсақты майда тёркадан немесе пресстен өткіземіз.
2. Нанга сарымсақ пен тұз жағып, кубиктап турап, табада майсыз кептіреміз.
3. Тауық етің тураймыз. Қиярды кубиктап тураймыз.
4. Ірімшікті соломка тураймыз. Петрушканы майдалап турап аламыз.
5. Барлығын қосып, майонезбен араластырамыз. Салат дайын.
9. КОЛБАСА ЖӘНЕ ІРІМШІК ҚОСЫЛҒАН ДӘМДІ САЛАТ
Қажетті заттар:
- 300 гр калбаса
- 200 гр ірімшік
- 4 шт қайнаған жұмыртқа
- 1 шт пияз
- аскөк, петрушка
- майонез
- тұз, кара бұрыш
Дайындалуы:
- Бірінші калбаса мен ірімшікті соломка ретінде тураймыз
- Жұмыртқа мен пиязды кубиктап турап аламыз
- Аскөк пен петрушканы майдалап турап аламыз
- Майонез, тұз, кара бұрыш қосып, жақсылап араластырамыз
Салат дайын.
10. АНАНАСПЕН САЛАТ
Қажетті заттар:
- піскен тауық еті
- ірімшік
- 1 банка ананас
- 1 банка жүгері
- жарты лимонның шырыны
- тұз, майонез.
Тауық етің турап, ірімшікті тёркадан өткізіп, барлығын араластырамыз. Салат дайын.
Асыңыз дәмді болсын!
Топқа тіркеліңіздер!!! Біз сіздерге бәрің үйретеміз!!!